Мас жүргізуші қағып кеткен екінші қыз көз жұмды

5 Сәуір 2021, 09:50
1905
Бөлісу:
Мас жүргізуші қағып кеткен екінші қыз көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында мас жүргізуші қағып кеткен екінші қыз 4 сәуір күні көз жұмды. 

Бұл туралы Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

14 наурыз күні жүргізуші қағып кеткен бір оқушы көз жұмған болатын.

Еске салсақ, 2 наурызда УАЗ көлігінің 54 жастағы жүргізушісі мас күйінде көлікке отырып, 4 қызды қағып кеткен еді. Салдарынан оқушылар ауруханаға, ал жүргізуші айықтырғышқа жөнелтілді. 

4 сәуір күні сағат 21:00-де екінші қыз көз жұмды. Ол сегіз жаста болған. 


Өзгелердің жаңалығы