Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірнеше жыл бұрын интернетте Грузин жасақтарының жолын бөгеп тұрған Ресей сарбазының әйгілі суреті шыққан еді. Жақында Ресейдің мемлекеттік думасының депутаты Алдар Дамдинов фейсбук желісінде суреттегі сарбаздың қазақ жігіт Тасболат Ибрашев болуы мүмкін екенін жазды.
Ресей 2008 жылы Грузияға шабуыл жасаған кезде, бурят жігітінің грузин спецназының алдынан шығып, жалғыз өзі олардың бөгеп тұрғаны әлемге әйгілі болды. Кейін осы оқиға баспасөз бен қоғамда үлкен пікірталас туғызған еді.Бүгінгі күнге дейін қасқайып қарсы тұрған сарбаздың есімі Бато Дошидожиев деген бурят ұлтының азаматы делініп келген болатын. Жақында Ресей мемлекеттік думасының депутаты Алдар Дамдинов бүкіл Ресейді ерлігімен аузына қаратқан жігіт бурят емес, Тасболат Ибрашев дейтін астрахандық қазақ жігіті екенін жазды. Депутат Дамдинов оны іздеп барып, суретке түсірген. Арнайы пост та жазды. Тасболат Ибрашев үйленген, екі баласы бар.