Бас жаңалықтар
Қостанайға жаңа компьютерлер жеткізілді
31 Қазан 2020, 13:30 165

Қостанайға жаңа компьютерлер жеткізілді

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қостанай облысына компьютерлер мен ноутбуктердің кезекті партиясы жеткізілді. Құрылғылар қашықтан оқуға мүмкіндігі жоқ оқушыларға беріледі.

2020 жылы Қостанай облысына барлығы 1584 компьютер, 11586 ноутбук, 2052 планшет беріледі. Барлық жабдықтар ҚР Үкіметінің резерві есебінен сатып алынады. Облыстық білім басқармасы тамыз айында ақша бөлінгенін хабарлаған еді. Бірінші партия қыркүйек айында келді. Ол кезде басқарма мамандары 1584 компьютерді түгендеп алған. Қазан айының басында екінші партия әкелінді – 895 ноутбук. Осы аптада Қостанай облысы әкімдігінің «Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығының» қызметкерлері тағы 870 ноутбукты қабылдап, тексерді. 

Білім басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Анна Лазареваның хабарлауынша, дүйсенбіде тағы да жаңа компьютерлер жеткізілуі тиіс. 

Тексеруден кейін олар студенттерге беріледі. Компьютерге мұқтаж оқушылардың тізімін қалалық және аудандық білім бөлімдері алдын ала дайындаған. Бірінші кезекте жабдықтар халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға үлестірілмек, - деді Анна Лазарева

Басқарма маманы тағы 11873 планшет пен ноутбук жеткізілетінін айтады. Олар жыл соңына әкелінеді.


Фото: дереккөз
Загрузка...