Ақтауда 4 жастағы бала көз жұмды

26 Сәуір 2024, 16:29
1339
Бөлісу:
Ақтауда 4 жастағы бала көз жұмды
Фото: pixabay.com

Ақтауда 4 жастағы бала тұрғын үйдің 5-қабатынан құлап, қаза болды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Қайғылы оқиға 25 сәуір күні кешке Ақтаудың 17 шағын ауданында болған. 

Тұрғын үйлердің бірінің бесінші қабатынан төрт жастағы бала құлап кетті. Өкінішке қарай, ұл бала тіл тартпай кеткен.

Куәгерлердің сөзінше, қайғылы оқиға 25 сәуірде сағат 18:00 шамасында 17 шағын аудандағы "Дукат" түрғын үй кешенінде болған. 

Осыған қатысты Маңғыстау облысы полиция департаменті түсініктеме берді.

Бүлдіршін алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында жан тапсырған. Осы жайтқа қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы