Су тасқыны. Құлсарының үйлері қалыпқа келіп жатыр

26 Сәуір 2024, 12:31
951
Бөлісу:
Су тасқыны. Құлсарының үйлері қалыпқа келіп жатыр
Фото: ТЖМ

Жылыой ауданының Құлсары қаласында 77 үйде электрмен, 155 үйде газбен жабдықтау қалпына келтірілді. Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

25 сәуірдегі жағдай бойынша Құлсары қаласында 3591 адам біржолғы материалдық көмек алды. 25 сәуірдегі залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия 2523 өтініш қабылдады, мүлікті техникалық тексеруге және бағалауға 40-тан астам маман жұмылдырылды, - деді спикер орталық коммункациялар қызметінде өткен брифингте. Ол қалада 1710 жеке тұрғын үйден су кеткенң айтты. Өткен тәулікте дезинфекциялық жұмыстар 100 үйде және 3 әлеуметтік нысанда жүргізілді. Атырау қаласында Жайық өзенінде су тасқынына қарсы алдын алу шаралары жалғасуда. Оның 96%-ға жуығы атқарылды, яғни 521 км бөгеттің 500 км-ден астамы салынды, - деді Руслан Жұмағазиев.

Өзгелердің жаңалығы