Коронавирус: СІМ өкілі шетелдегі қазақстандықтар туралы айтты

27 Ақпан 2020, 11:55
2184
Бөлісу:
Коронавирус: СІМ өкілі шетелдегі қазақстандықтар туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі уақытта шетелде жүрген Қазақстан азаматтарының арасында коронавирус жұқтырғандар жоқ. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Кореяда жүрген қазақстандықтар туралы айтып, елге тезірек оралуын сұрады.

Айтуынша, әзірге Оңтүстік Корея әуе рейстерін шектемеді, дегенмен рейс саны қысқарса, қазақстандықтарға елге қайту қиын болады.

Коронавирустың географиясы ұлғайып келеді. Қуанышымызға орай, шетелде коронавирус жұқтырғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Қазір Кореяда Қазақстаннан 35 мың адам бар. Заңсыз 12 мыңға жуық адам жүр. 848 адам ғана консулдық тіркеуге тұрған. Біздің консулымыз күнделікті үзіліссіз және демалыссыз адам қабылдайды. Әуе билеттеріне келетін болсақ. Біздің азаматтарымыз рейстер азайғаннан кейін келуі қиындайды. Ал рейстер қысқарса, басқа елдер арқылы келуге тура келеді. Ал ол қымбатқа түседі. Сондықтан қазір тезірек елге келіп алуын сұраймыз. Корея әзірге әуе рейстерін шектеген жоқ, - деді СІМ өкілі.

Сонымен қатар, Айбек Смадияров Ирандағы қазақстандықтар туралы да айтып берді. Қазір Тегеранға аптасына бір рет қатынайтын әуе рейсі тоқтатылған.

Қазіргі уақытта Иран аумағында Қазақстанның 170-ке жуық азаматы тұрады. 74 адам консулдық қызметкерлері мен олардың отбасылары. Сондай-ақ, 7 студент, 73 вахталық қызметтегі қазақстандық бар және консулдық есепте 119 азамат тұр, - деді Смадияров.

Өзгелердің жаңалығы