Қала прокуратурасының үйлестіруімен Шымкент қаласының ПД қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген есірткі дүкені мен есірткі зертханасының ұйымдастырушысы "Б" есімді азаматты ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің қалада есірткі зертханасын құрғанын, сондай-ақ "Telegram" әлеуметтік желісіндегі "DDD_Shym" интернет-дүкені арқылы тыйым салынған заттарды сатқанын анықтады.
Күдікті УҰИ-ға қамалып, ҚК-нің 297-бабының 4-бөлігімен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізуді қылмыстық топ жасаған) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.
ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды.