Геннадий Шиповских: Жетім балаларды асырап алуда кедергі көп

23 Сәуір 2025, 15:46
7114
Бөлісу:
Геннадий Шиповских: Жетім балаларды асырап алуда кедергі көп
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

"Желмая" жобасында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповских елімізде жетім балаларды асырап алу барысында кедергілердің көп екенін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақпан айында Премьер-министрдің атына жетім балаларды асырап алу барысында кедергілердің көп екенін айтып сауал жолданды. Қазақстанда асыраушысыз қалған 20 мыңнан астам бала бар. Бұл ресми статистикаға енгені. 2023 жылы 194 бала, 2024 жылы 153 баланы ғана асырап алған. Ал кезекте тұрған отбасы саны 5 мыңнан асады. Бала асырап алу процессі неліктен өте баяу жүріп жатыр? Қандай кедергілер бар? 

Мектепті бітіріп, кәмелет жасқа толғаннан кейінгі жағдайларына мемлекет қаншалықты жауапкершілікпен қарап отыр?

2 жыл бұрын АРТ СПОРТ бағдарламасына бөлінген қаржыны қалайда жеп қалу үшін нешетүрлі махинацияларға барғаны белгілі. 22 қылмыстық іс қозғалып, 8 адам сотталды. Кейін белгілі болғандай, 8 мыңнан астам бала спорт секциясына қатыспаса да оларды "қатысты" деп тіркеп, ақша алып отырған. Сасып кеткен жертөлелерде жаттықтырып жатқан да орталықтар анықталды. Мұндай көзбояшылық болмау үшін, балалар спортын қаржыландыруға қандай өзгеріс керек? 

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл. Ертең ұйым төрағасы – Қазақстан Президентінің қатысуымен 34-сессия басталады(23-24 сәуір). Ассамблеяның миссиясы түсінікті, функциясын түсінбейтіндер көп. Ұйым нақты қандай қоғамдық жұмыстармен айналысуда?

Этносаралық саясат пен ұлттық саясаттың арақатынасы қандай болу керек? Бұл екі бағыт қалай үйлесуі тиіс?

 

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы