Көбейтұздан тұз алғандар жауапкершілікке тартылады

20 Шілде 2020, 19:15
3192
Бөлісу:
Көбейтұздан тұз алғандар жауапкершілікке тартылады
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ерейментау маңындағы ерекше түсті Көбейтұз көлі аймағында карантин жарияланды. 

Қазақстан Республикасы Экология, геология және тибиғи ресурстар министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов Көбейтұздағы жағдай алаңдатып отырғанын айтты. 

WhatsApp Image 2020-07-20 at 19.09.49.jpeg

Көл 640 гектар аумақты алып жатыр. Тереңдігі - 1,5 метр. Көп адам көлдің қызғылт түсі емдік қасиетіне, тұзға байланысты деп ойлайды. Шын мәнінде, оған мұндай түс беретін уылдырық пен микроорганизмдер. Осындай көл Канада мен Австралияда да бар, - деді ол. 

Комитет басшысы айтып өткендей, осы демалыста көлдің басына көп адам жиналған.

Адамдар көлдің түсі үшін ғана оны өзге тұзды көлдерден ерекше, емдік қасиеті мол деп ойлайды. Сол үшін де олар тұз бен балшықты алып кетіп жатыр. Оның салдарынан қара шұрық ойықтар пайда болды. Сондықтан да мемлекетке тиесілі табиғи ресурсты алып жатқандарға экология инспекторларының көмегімен айыппұл салып, оларды жауапкершілікке тартамыз, - деді ол. 

Айта кетейік, Көбейтұзға келушілердің артуына қатысты Ерейментау ауданында коронавирус індетінің тіркелуі артқан. Сол үшін Көбейтұзда карантин жарияланды. Сонымен қатар, "Көбейтұздың келісі 5 мың теңге тұратын тұзы вирусты емдейді ме" деген сауалға жауап алдық.

Өзгелердің жаңалығы