Мұхтар Шахановқа қатысты жаңа ақпарат тарады

20 Шілде 2020, 19:05
16943
Бөлісу:
Мұхтар Шахановқа қатысты жаңа ақпарат тарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауруханада жатқан Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шаханов туралы жаңа ақпаратпен "Жалын" журналындағы орынбасары Құдияр Біләл бөлісті.

Қазір ғана Мұхтар Шаханов ағамызға жолығып қайттық. Аурухана қаланың сыртында. Ішке кіргізбейді. Мұхтар ағамызбен терезе сыртынан тілдестік. Жағдайы жақсы. Дәрігері: "Екі-үш күнде шығарып қаламыз" деді. Сосын өз тілінде Мұхаң ауруының мөлшерлік деңгей көрсеткішін айтып шықты. Біз өз тарапымыздан: "Ол қанша болуы керек еді?" деп сұрадық. Білгеніміз, Мұхаңдыкі сол қалыпты деңгей шамасында екен. Дәрігер де қазақ қой, ол да: "Әлеуметтік желіде айтылып жатқан әңгімелері біз де естідік. Сондықтан дәрігер ретінде айтамын. Мұхтар Шахановтың жағдайы өте жақсы. Менің осы сөзімді халыққа жеткізіңіз" деді. Мен дәрігер қарындасыма: "Мұхаңды жақындау жерден суретке тартып беріңізші" деп өтініш жасадым. Мұхаң өзін суретке түсіретінін білгенде шашын тарақтап, реттеле бастады. Жалпы ауруханадан осындай қуанышты көңіл ауанында қайттық. Баршаңызға рахмет, тілеулес ағайын!, - деп жазды Құдияр Біләл.

Айта кетейік, бұған дейін Мұхтар Шахановтың екі өкпесі қабынып, үшінші шілдеде ауруханаға түскені хабарланды. Шахановтың көмекшісі ақынның денсаулығына қатысты Президенттен көмек сұрады.

Өзгелердің жаңалығы