Бас жаңалықтар
Карантиндегі студент қыз: Медбикелер бізге "қызым", "ботақаным" дейді
19 Наурыз 2020, 08:15 4164

Карантиндегі студент қыз: Медбикелер бізге "қызым", "ботақаным" дейді

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда 14 күнге оқшауландырылған астаналық Айдана Капен карантиндегі уақытының қалай өтіп жатқандығын, санитарлы-тазалық шараларының қалай орындалатындығын, медицина қызметкерлерінің өздеріне қарым-қатынасының қандай екендігін айтып берді.

Еске салайық, астаналық Айдана Капен кеше Қарағандыдағы оқшауландыру госпиталына жатқызылған. Айдананың анасы болса қарағандылық дәрігерлер мен полицейлердің қызметіне жоғары баға беріп, алғысын айтқан болатын

Айдана Капен ұйқысыз өткен түннен кейін тыныққанын, өзінің эмоционалды жағдайының, көңіл күйінің қалыпты екендігін айтады.

Біз ұйқымызды қандырып, физикалық және эмоционалды тұрғыда демалдық. Біздің палатаны жиі жуады, кварцтайды. Дәлізді тіпті әрбір жарты сағат сайын жуады. Мұндағы қызметкерлерге қорғаныс костюмінде жүру қиын екендігі байқалып тұрады. Меніңше, арнайы костюмде күні бойы жүру ыңғайсыз әрі ыстық. Бірақ қанша қиын болғанымен, бұл олардың жұмысы, – дейді Айдана.
Студент қыздың айтуынша, госпиталда зертханалық сынамалар хаттамаға сай алынған. Ал медбикелер болса медициналық мекемедегі ахуалдың қалыпты, тыныш болуын қамтамасыз етуде.
Бізге медбикелер "қызым", "ботақаным", "алтыным" деп айтады. Осы кезде бірден жылылықты сезінемін. Анамды тағы екі апта көрмейтіндіктен осындай жылы сөздер біздерге студенттерге өте қажет. Осындай қарым-қатынастан кейін ақ халаттылармен сөзге келуге, ұрысуға да дәтіміз бармайды. Қажеттілігімізді бірден медбикелерге келіп айтамыз, олар біздің барлық өтінішімізді орындауға тырысады, – дейді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...