Қарағанды облысының ауруханаларына 3 жылжымалы медициналық кешен жеткізілді

27 Қазан 2020, 14:02
3299
Бөлісу:
Қарағанды облысының ауруханаларына 3 жылжымалы медициналық кешен жеткізілді
PHOTO
Фото: автордан

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Облыстың Жаңаарқа, Абай және Осакаровка аудандарының медицина мекемелеріне жылжымалы медициналық кешен сыйға тартылды. Мобильді кешен азаматтардың денсаулығын тексеруге қажетті құрал-жабдықтардың барлығымен қамтылған.

Қарағанды облысының ауруханаларына 3 жылжымалы медициналық кешен жеткізілді

Еліміздің төрт солтүстік облысына бөлінген 24 кешеннің үшеуі Қарағанды облысының ауруханаларына бұйырды. 

Қарағанды облысының ауруханаларына 3 жылжымалы медициналық кешен жеткізілді

Мобильді-диагностикалық кешен көшпелі жағдайда азаматтардың денсаулығын кең спектрде тексере алу мүмкіндігіне ие. Көліктердің барлығы заманауи құралдармен жабдықталған. Кешен шудан, дымқылдан толық оқшауландырылып, жеке дезинфекция құралдармен, яғни электрсорғылы қол жуғышпен, қолды дезинфекциялауға арналған диспенсермен қамтылған.

Қарағанды облысының ауруханаларына 3 жылжымалы медициналық кешен жеткізілді

Қарағанды облысының медицина жүйесін коронавирустың екінші толқынына дайындау мақсатында осындай жылжымалы кешендер беріліп отыр. Осы автобустардың жеткізілуімен аймақтың медицина мекемелеріндегі вируспен күреске дайындық аяқталды деп айтуға болады. Біз ауруханалардағы материалдық-техникалық базаны жаңарттық, госпитальдарда қосымша жатын орындар дайындадық, - дейді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ғамал Тоқсанбаев.

Медициналық кешенде мамандар қабылдайтын кабинет, рентген, флюорографияға арналған орын, гинекологиялық қарау креслосы, УДЗ, ЭКГ жасайтын жабдықтар және талдамалар алатын орын бар.

Қарағанды облысының ауруханаларына 3 жылжымалы медициналық кешен жеткізілді

Облыстың Осакаровка, Жаңаарқа, Абай аудандарына жеткізілетін медициналық кешендер азаматтардың дер кезінде медициналық көмек алуына септігін тигізеді деп ойлаймын. Оның ішінде шалғайдағы халықтың уақытылы денсаулықтарын тексеріп, қандай да бір өзгерістерді анықтауына мүмкіндік береді. Бұл кешендердің басты мақсаты – халыққа медициналық қызметті барынша қолжетімді ету, - дейді басқарма басшысының орынбасары.

Оның айтуынша, жылжымалы кешендегі құрал-жабдықтардың барлығы емханалар мен ауруханаларда қолданылатын медициналық жабдықтардан еш айырмашылығы жоқ. Оларда жұмыс істеу дәрігерлер мен мамандарға қиындық тудырмайды. 

Қарағанды облысының ауруханаларына 3 жылжымалы медициналық кешен жеткізілді

Жылжымалы кешендегі цифрлық рентген кеуде органдарын, сүйекті тексерумен қатар флюорографиялық қаралуды да жүргізе алады. Кешендегі лабораториялық құрал-жабдықтар зертханалық тексерулер, жалпы клиникалық, гематологиялық, биохимиялық зерттеулер жасайтын болады. Егер де елімізде карантин шаралары қатаңдатылып, жолдарда блок-бекеттер қойылатын жағдай болатын болса, ауылдық жерлердегі азаматтар облыс орталығына қатынамай, тұрғылықты жерінде тексеруден өтетін болады. Сондықтанда аталған кешеннің халық үшін маңызы зор, - деді Тоқсанбаев.

Қарағанды облысының ауруханаларына 3 жылжымалы медициналық кешен жеткізілді

Кешенде бір уақытта бірнеше маман қызмет көрсететін болады. 

Қарағанды облысының ауруханаларына 3 жылжымалы медициналық кешен жеткізілді

Емделушілердің бірі рентгеннен, енді бірі УДЗ-дан өтіп жатса, енді бірі акушер-гинекологтың қабылдауында бола алады. Төртінші маман лабораториялық зерттеу жүргізеді. Денсаулық сақтау басқармасы өкілінің айтуынша, тегін медициналық қызмет көрсетудің аясында мобильді-диагностикалық кешен азаматтардың сақтандырылғанына немесе сақтандырылмағанына қарамастан тегін қызмет көрсететін болады.

Қарағанды облысының ауруханаларына 3 жылжымалы медициналық кешен жеткізілді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында ауылдық жерлерді медициналық құралдармен қамтуды тапсырған болатын. Осының аясында біздің Жаңаарқа ауданына жылжымалы медициналық кешен табысталуда. Бұрын ауданда мұндай мобильді орталық болған жоқ. Кешен аудан мен ауыл-аймақтық тұрғындары үшін аса қажет. Себебі, кешен ауданымыздың шалғай елді мекендерінің халқына дәрігерлік көмекті қолжетімді ететін болады, - деді Жаңаарқа аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Серік Құлмағанбетов.

Қарағанды облысының ауруханаларына 3 жылжымалы медициналық кешен жеткізілді

Жаңаарқа аудандық ауруханасы бас дәрігерінің айтуынша, аурухана мамандарының біліктілігі мобильді-диагностикалық орталықта қызмет көрсетуге жеткілікті.

Қарағанды облысының ауруханаларына 3 жылжымалы медициналық кешен жеткізілді

Өзгелердің жаңалығы