Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінің ұшағы Қарағанды облысында апатқа ұшырады, деп хабарлады zakon.kz.
Бұл СУ-30 жойғыш ұшағы. Экипаж мүшелері аман. Қорғаныс министрлігі апат дерегін растады.
Ұшу жаттығуларын өткізу кезінде, Балқаш қаласының оқу авиациялық алаңына қону барысында СУ-30 көпфункционалды ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақтың экипажы катапульттенді, қазір ұшқыштар медициналық бақылауда. Апат орнына арнайы комиссия жіберілді. Болған оқиғаның себептері зерттеледі, - деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
Ұшқыштар дәрігерлердің бақылауында. Олардың біреуінің жағдайы қанағаттанарлық, ал екіншісінің жағдайы орташа дәрежеде деп бағалануда.