Италия президенті премьердің отставкасын қабылдады

21 Тамыз 2019, 10:03
1681
Бөлісу:
Италия президенті премьердің отставкасын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Италия парламентіндегі көп орынды беру туралы түрлі партия өкілдерімен консультация 21 тамызда басталады.

Италия президенті Серджо Маттарелла министрлер кеңесінің төрағасы Джузеппе Контенің отставкасын қабылдады.

«Республика президенті отставканы қабылдады және үкіметке бұған дейін берілген тапсырмаларды аяқтауды өтінді», - деп хабарлады Италия басшысының канцеляриясы 20 тамыз күні кешке.

Бұл хабарлама Контенің Римдегі Квириналь сарайына – Маттарелланың ресми резиденциясына кіріп шыққаннан кейін жарияланды.

Кеше Италия премьер-министрі отставкаға кететіні туралы хабарлаған.


Өзгелердің жаңалығы