Италия премьер-министрі отставкаға кетті

20 Тамыз 2019, 20:31
1551
Бөлісу:
Италия премьер-министрі отставкаға кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италия премьер-министрі Джузеппе Конте елдегі саяси кризиске байланысты президент Серджо Маттареллеге отставкаға кету туралы өтініш жазғанын хабарлады. Бұл туралы РИА Новости агенттігі жазады.

«Мен бүгінгі баяндамаларды мұқият тыңдаймын. Бірақ мен бұл саяси өзгерісті тоқтатқым келеді. Отырыстан кейін республика президентіне отставкаға кету туралы өтінішімді беруге барамын», - деп мәлімдеді Конте Сенатта.

Премьер-министрдің сөйлеген сәтін барлық телеарна көрсетті.

«Движение 5 звезд» және «Лига» партиясынан құралған қазіргі биліктегі коалиция 8 тамыздан бастап күшін жойды. Ол кезде вице-премьер және «Лига» көшбасшысы Маттео Сальвини премьер-министр Контеге «Движениедегі» жақтастарымен түсініспеушіліктер туралы хабарлап, тез арада кезектен тыс сайлау өткізуді талап еткен.

Өзгелердің жаңалығы