Иранның жоғарғы көшбасшысы шабуыл туралы: "Алда үлкен өзгерістер күтіп тұр"

9 Қаңтар 2020, 04:20
6269
Бөлісу:
Иранның жоғарғы көшбасшысы  шабуыл туралы: "Алда үлкен өзгерістер күтіп тұр"
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Али Хаменеи елінің Ирактағы америкалық базаға жасаған шабуылын "шапалақ" деп атады. Бұл туралы ол Кум қаласында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды NEWSru.com. 

Осы түні біз оларға шапалақ бердік, - деді Иранның рухани көшбасшысы.

Осы ретте Хаменеи атап өткендей, "Кудс" ирандық арнайы жасақтың қолбасшысы Касем Сүлеймани өлтірілген Бағдадтағы америкалықтардың арнайы операциясына қарағанда соншалықты маңызды емес.

Бұл олардың істегенімен пара-пар келмейді, - деп атап өтті ол.

Хаменеидің сөзі жиналғандар "Америкаға өлім", "Израильге өлім" деп ұрандата бастағанда үзіліп қалды.

Өз кезегінде аятолла "Жауларымыз – Америка, Израиль және дөрекі жүйе", деп толықтырды.

Ол атап өткендей, Иранға ядролық бағдарлама керек, себеп одан бас тарту америкалықтардың басынуына алып келді.

Айта кетейік, Иранның рухани көшбасшысының сөзі ирандық мемлекеттік телеарнадан көрсетілді. Бұл туралы 1news.az  Haberler-ге сілтеме жасай отырып хабарлады.

"Біз бүгін үлкен дүниенің орын алғанын көрдік, шын мәнінде бұл оқиғаны төңкеріс деп атауға болады. Әлемдік процестердің барысы өзгерді, үлкен өзгерістер күтіп тұр. Бұл аймақтың тарихын да өзгертті. Бұл нәрселерге осы тұрғыда қарауымыз керек ", - деді аятолла.

Оның айтуынша, Иранның әскери қуатынан басқа сенімі де зор.

"Біздің сеніміміз бар. Бастысы осы дінімізге сеніп өмір сүруді жалғастыру керек. Әскери қуаттылығымызды пайдаланбаймыз деп сенейік. Соңғы болған жағдайлар бізге үлкен сабақ болды", - деді Али Хаменеи.


Естеріңізге сала кетейік, 8 қаңтарда Ислам революциясының жасақ корпусы (ИРЖК) генерал Касем Сулейманидің өліміне кек қайтару ретінде АҚШ нысандарына шабуыл жасады

Иран АҚШ-тың әуе базаларына жасаған соққысынан кейін мәлімдеме жасады.

Иран операциясы "Сулейманиді азаптаушы" деп аталды. Иран АҚШ-қа көмектескен елге де шабуыл жасайтынын ескертті. Айта кетейік, 3 қаңтарға қараған түні Ирак астанасы Бағдаттағы халықаралық әуежай маңында бірнеше жарылыс болды.

АҚШ билігі жарылыс болған жердегі Иранмен байланысы бар екі нысанның соққысына қатысы бар екенін хабарлады. АҚШ қарулы күштері Ирактағы Иран генералының өлімінен кейін әскерін толық дайындап қойды. АҚШ соққысының салдарынан қайтыс болған ирандық генерал Касем Сулейманидің өлімінен кейін мұнай бағасы 2% қымбаттады.

Әлемдік БАҚ ирандық генерал Касим Сулейманиді жою туралы бұйрықты АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі берді деген ақпарат таратты.

Иран жоғарғы көшбасшысының бас әскери кеңесшісі Хусейн Дехган CNN арнасына сұхбат бергенде генерал Касем Сулейманидің өлімі үшін кек алу үшін Иран америкалық әскери нысандарға шабуыл жасайтынын айтты. 

Ал, 5 қаңтарда Иран ядролық келісімнен бас тартты. Иранның мемлекеттік телеарнасы Дональд Трамптың басы үшін 80 миллион доллар сыйақы беретіні туралы хабарлады, деп жазады EN24.

Өз кезегінде АҚШ президенті Дональд Трамп  Ирактағы америкалық әскери базаға ирандықтардың жасаған шабуылынан кейін мәлімдеме жасады. Bloomberg шабуылдан кейінгі америкалық базалардың суреттерін жариялады.

Өзгелердің жаңалығы