Bloomberg шабуылдан кейінгі америкалық базалардың суреттерін жариялады

9 Қаңтар 2020, 02:37
2336
Бөлісу:
Bloomberg шабуылдан кейінгі америкалық базалардың суреттерін жариялады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Bloomberg Ирактағы Эйн-аль-Асад базасына жасалған ирандық зымыран соққысының жерсеріктің фотосын жариялады.

Суреттерден жарылыстың орындарын көруге болады 

 

42ec67ed-2e80-42d1-bfcf-ae6ad125746e.jpg



 

fbe6635c-585f-4265-ae5e-490454ea0fc9.jpg



 

bf208000-5e5c-4050-9f01-a382528031ba.jpg




Естеріңізге сала кетейік, 8 қаңтарды Ислам революциясының жасақ корпусы (ИРЖК) генерал Касем Сулейманидің өліміне кек қайтару ретінде АҚШ нысандарына шабуыл жасады

Иран АҚШ-тың әуе базаларына жасаған соққысынан кейін мәлімдеме жасады.

Иран операциясы "Сулейманиді азаптаушы" деп аталды. Иран АҚШ-қа көмектескен елге де шабуыл жасайтынын ескертті. Айта кетейік, 3 қаңтарға қараған түні Ирак астанасы Бағдаттағы халықаралық әуежай маңында бірнеше жарылыс болды.

АҚШ билігі жарылыс болған жердегі Иранмен байланысы бар екі нысанның соққысына қатысы бар екенін хабарлады. АҚШ қарулы күштері Ирактағы Иран генералының өлімінен кейін әскерін толық дайындап қойды. АҚШ соққысының салдарынан қайтыс болған ирандық генерал Касем Сулейманидің өлімінен кейін мұнай бағасы 2% қымбаттады.

Әлемдік БАҚ ирандық генерал Касим Сулейманиді жою туралы бұйрықты АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі берді деген ақпарат таратты.

Иран жоғарғы көшбасшысының бас әскери кеңесшісі Хусейн Дехган CNN арнасына сұхбат бергенде генерал Касем Сулейманидің өлімі үшін кек алу үшін Иран америкалық әскери нысандарға шабуыл жасайтынын айтты. 
 

Ал, 5 қаңтарда Иран ядролық келісімнен бас тартты. Иранның мемлекеттік телеарнасы Дональд Трамптың басы үшін 80 миллион доллар сыйақы беретіні туралы хабарлады, деп жазады EN24.

Өз кезегінде АҚШ президенті Дональд Трамп  Ирактағы америкалық әскери базаға ирандықтардың жасаған шабуылынан кейін мәлімдеме жасады.

Өзгелердің жаңалығы