Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ұшақ бортында қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатыр.
Ұшақ апатынан хабардармыз. Қазір ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ирандағы өкілдері ұшақ бортында қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатыр. Ирандағы дипломаттардан хабар күтіп отырмыз. Олар Иранның құзыретті орган қызметкерлерімен байланыста отыр. Ақпарат келген кезде хабарлама таратамыз, - деді СІМ баспасөз қызметіні басқармасының басшысы Нұрбек Алмашев.
Бұған дейін ұшақ бортында 180 жолаушы болғаны хабарланды. Лайнер Тегеран әуежайының маңында әуеге көтерілген кезде құлаған. БАҚ ақпараттарына сүйенсек, ұшақ Киевке ұшқан. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Ұшақ апатының видеосы шықты.