Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Билік «мұндай шешім сақтық мақсатында» қабылданды, дейді және елдегі сырқаттанушылық жоғары деңгейде қалып отырғанын мәлімдеді.
Грекия үкіметі денсаулық сақтау жүйесіне қысымды төмендету үшін бір апталық локдаунға оралуды жариялады. Бұл туралы Politico 3 қаңтарда хабарлады. Мұндай шешім мектептер 11 қаңтарда жұмысқа оралуы үшін «сақтық мақсатында» қабылданып отыр.
Сырқаттанушылық әлі де жоғары деңгейде және ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне айтарлықтай қысым түсіп отыр. Ауруханалардағы науқастар саны азаяр емес, - деді үкімет өкілі Стелиос Петсас.
Сонымен қатар, рождестволық мерекелер кезінде ашылған дүкендер мен қызмет көрсету нысандары, соның ішінде шаштараздар, тырнақ бояу салондары, кітап дүкендері мен шіркеулер 11 қаңтарға дейін жабылады.
Түнгі коменданттық сағат та күшейтіледі, қозғалыс 21:00-ден 5:00-ге дейін шектеледі. Балық және аң аулауға да тыйым салынады.
Есуе сала кетейік, қараша айында Грецияда науқастардың рекордтық тәуліктік өсуі аясында үш аптаға локдаун енгізілді. Локдаун кезеңінде жұмыс істемеген гректер 800 евродан көмек алды.