Google және Facebook жыл соңына дейін қашықтан жұмыс істейді

9 Мамыр 2020, 14:15
1737
Бөлісу:
Google және Facebook жыл соңына дейін қашықтан жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дегенмен, Facebook компаниясы кеңселерінің басым бөлігі 6 шілдеден кейін ашылады.

Google және Facebook компаниялары коронавирус пандемиясы салдарынан жыл соңына дейін қызметкерлердің көпшілігін қашықтан жұмыс істеу режимінде қалдыруды жоспарлап отыр, деп хабарлады ВВС. Google басшылығы қызметкерлеріне жолдаған хабарламада олардың 2020 жылдың қазан айына дейін, мүмкін 2021 жылдың басына дейін қашықтан жұмыс істейтіні туралы айтылған.

Алайда, қызметкерлердің бір бөлігі маусым айында жұмысты кеңседен істей алады. Бірақ, бұл тек ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуі үшін жұмыс орнында болуы қажет мамандарға ғана қатысты.

Дәл осындай шешімге Facebook компаниясы да келді. Компания қызметкерлер 2020 жылдың соңына дейін үйде қалуы мүмкін, деп хабарлады.
Facebook компаниясы кеңселерінің басым бөлігі 6 шілдеден кейін ашылады. Сонымен қатар, компания өкілі кеңсеге келіп жұмыс істеуге қандай қызметкерлердің шақырылатыны әлі шешілмегенін атап өтті. Кеңселерде вирустың өршуін болдырмау үшін күшейтілген қауіпсіздік шаралары енгізілетін болады.

Бұған дейін хабарланғандай, Facebook қызметкерлер үшін карантин жаздың соңына дейін ұзартады. Ал 50-ден астам адам қатысатын компанияның барлық іс-шаралары 2021 жылдың маусымына дейін тоқтатылған.
 

Өзгелердің жаңалығы