Су тасқынынан әлі қауіп бар ма? – ТЖМ министрі жауап берді

30 Сәуір 2024, 17:24
1922
Бөлісу:
Су тасқынынан әлі қауіп бар ма? – ТЖМ министрі жауап берді
Фото: скрин

Бұл туралы ТЖМ министрі Шыңғыс Әрінов «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафонында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Су деңгейінің шыңы Батыс Қазақстан өңірінен Атырау өңіріне өтіп жатыр. Бірақ Жайық бойындағы 84 елді мекен аман қалды деп айтсақ болады. Оның себебі дер кезінде істелінген дайындық жұмыстары, бөгет салу. Өздеріңіз көрдіңіздер, қанша шақырым бөгет салынды. Бүкіл ел болып, бүкіл өңірлерден арнайы техника, күш-құралдар келіп жатыр. Су деңгейі өскеніне қарамастан, осы 84 елді мекенде ешқандай қауіп болған жоқ, - деп жауап берді министр.

Айта кетейік, Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Біз біргеміз» ұлттық телемарафоны алғаш рет 10 республикалық телеарнадан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. 5 сағаттық хабар су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар және қызыл су зардабымен күрескен құтқарушылар, еріктілер, дәрігерлер, бейжай қалмаған тұрғындар жайлы болады.

Өзгелердің жаңалығы