Алматылықтар екі күн газсыз отыр

30 Сәуір 2024, 15:09
985
Бөлісу:
Алматылықтар екі күн газсыз отыр
Фото: pixabay.com

Әуезов ауданына қарасты тұрғын үйлерде екі күн газ болмай, тұрғындар әбігерге салынды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Тұрғындардың айтуынша, алдын ала ескерту жасалмаған.

Екі күннен бері «Орбита» шағын ауданында газ жоқ. QazaqGaz өшіру туралы ескертпейді. Газ тек бізде ғана емес қаланың оңтүстік-батысында – Сайын-Жандосов және Мұстафин-Біржан-Науаи-Әл-Фараби-Торайғыров-Рысқұлбеков көшелерінде орналасқан үйлерде де жоқ екен, – дейді қала тұрғыны.

Аталған жағдайға байланысты "ҚазТрансГаз Аймақ" баспасөз қызметіне хабарластық. Олардың мәліметінше, газ беру сағат 20:00-ге дейін қалпына келтіріледі.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Алматы өндірістік филиалы тұтынушыларға газды үздіксіз және апатсыз беру үшін авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгенін хабарлайды. Әуезов ауданы Мұстафин-Біржан-Науаи-Әл-Фараби-Торайғыров-Рысқұлбеков көшелерінің квадратында орналасқан объектілерде газбен жабдықтауды беру бойынша іске қосу жұмыстары бүгін, 30 сәуірде сағат 15:00-де басталады. Газ беру сағат 20:00-ге дейін қалпына келтіріледі, – дейді баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы