Мамырдың басында күн суытады – Қазгидромет

30 Сәуір 2024, 10:28
3103
Бөлісу:
Мамырдың басында күн суытады – Қазгидромет
Фото: BAQ.KZ - архив

Алдағы күндері ауа температурасы төмендейді. "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашынды ауа райы күтіледі. Айдың басы 1-2 мамырда еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жауын-шашын болады. Түнгі уақыттарда жаңбырдың арты қарға ұласуы ықтимал, найзағай, еліміздің оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша екпінді жел күшейеді, түнде солтүстік, шығыс өңірлерде тұман болады деп болжануда, - деді Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Скандинавия аймақтарынан енген салқын антициклон жотасы әсерінен, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы. Сондай-ақ суық фронт біртіндеп еліміздің оңтүстік аймақтарына қарай жылжиды, онда ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы.

30 сәуір - 4 мамыр аралығында негізінен жаңбыр түріндегі жауын-шашын күтілуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысының аумағында беткейлік ағындардың қалыптасады. Өңірде өзендердегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін, одан бөлек қауіпті деңгейден жетуі ықтимал. Сондай-ақ кішігірім өзендер мен бұлақтардың, уақытша арналардың сулылығы көбеюі мүмкін, - деді Алина Исмагулова.

Өзгелердің жаңалығы