Алматылық белсенділер қаладағы зейнеткерлердің үйлерін тазалап берді

30 Сәуір 2024, 18:01
1443
Бөлісу:
Алматылық белсенділер қаладағы зейнеткерлердің үйлерін тазалап берді
Фото: автордан

Алматыда "Таза Қазақстан" республикалық акциясының "Өнегелі ұрпақ" апталығы аясында бірқатар іс-шаралар өтті, хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматылық белсенділер мен ниет білдірген тұрғындар, қоғам қайраткерлері және мемлекеттік қызметкерлер Ұлы Отан соғысы мен еңбек майданының ардагерлеріне, сондай-ақ егде жастағы зейнеткерлерге көмектесіп, үй ауласын тазалады.

Мүгедектігі бар зейнеткер Александр Захаров қолын ұшып созып, үйінің ауласын ретке келтірген азаматтарға алғысын айтты.

Алматылық белсенділер қаладағы зейнеткерлердің үйлерін тазалап берді

Мен мүгедек адаммын. 72 жастағы әпкеммен бірге тұрамын. Екеуіміз де ауланың жұмысына жарамаймыз. Сондықтан қала басшылығынан көмек сұрадық. Өтінішіміз жай қалмай, бүгін қыз-жігіттер келіп көмектесіп жатыр. Мен  өте қуаныштымын. Осындай жастарымыз көбейе берсін. Шын жүректен алғыс айтамын, - деді зейнеткер.

Зейнеткердің үйіне келген Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығының қызметкері Жалғас Қали үй ауласында қандай жұмыстар атқарылғанын айтып берді.

Алматылық белсенділер қаладағы зейнеткерлердің үйлерін тазалап берді

Біздің орталықтан 6 адам келіп, зейнеткер ата-апаларымызға көмектесіп жатырмыз. Кеше бұл кісіден қандай көмек қажет екенін сұрадық. Бүгін құрал-жабдықтармен келіп, ағаштарды кестік, ауланы тазалап, көше сыртындағы қоршауды сырладық. Үлкен кісілер ақ батасын беріп, алғыстарын айтып жатыр. Мұндай игі бастамалар тұрғындар мен жастардың арасында мәдениеттің өркендеуіне көмектеседі деп ойлаймын. Бұл бірі жағы, алдыңғы буынға біздің алғысымыз, - деді Жалғас Қали.

Алматылық белсенділер қаладағы зейнеткерлердің үйлерін тазалап берді

Айта кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда "Алматы-біздің ортақ үйіміз"науқаны өтіп жатыр. Әрбір тұрғын қаланың дамуы үлес қоса алады. Барлық ақпарат almaty.kz сайтында және Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған. 

Сондай-ақ, веб-сайтқа қала бойынша орналастырылған баннерлерде, плакаттарда және плакаттарда арнайы QR-код арқылы кіруге болады.

Өзгелердің жаңалығы