Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны төрт миллион адамнан асты

9 Мамыр 2020, 13:45
1451
Бөлісу:
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны төрт миллион адамнан асты

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Вирус жұқтырғандардың ең көбі АҚШ-та. Коронавирустан әлем бойынша 276 мыңнан астам адам қайтыс болса, 1,3 миллион адам сауығып шыққан. Бұл туралы Worldometers сайты хабарлады. 

Вирус жұқтырғандардың ең көбі АҚШ-та. Ал, жалпы әлемде коронавирус жұқтырғандар саны төрт миллион адамнан асты. Вирус жұқтыру фактісі бойынша көшбасшы – АҚШ (1,32 миллион жағдай). Одан кейін Испания (260 117), Италия (217 185), Ұлыбритания (211 364.) және Ресей (187 859) тұр.

Әлемде елдерінде коронавирус салдарынан қайтыс болғандар саны 276 215 адам, оның 78,6 мыңы АҚШ-та. Ал, 1 385 124 адам COVID-19-дан емделіп шыққан.

Айта кетейік, соңғы тәулікте әлемде тағы 97 мың жаңа вирус жұқтыру фактісі тіркелді, 5,5 мыңнан астам адам көз жұмған.
Өзгелердің жаңалығы