Еуропа елдерінде тұрып жатқан қазақтар Президентке үндеу жолдады

10 Қаңтар 2022, 09:49
1600
Бөлісу:
Еуропа елдерінде тұрып жатқан қазақтар Президентке үндеу жолдады

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропа  елдерінде тұрып жатқан қазақтар мен Қазақстанда туып өскен басқа ұлт өкілдері және Еуропадағы Қазақ дәрігерлер Ассоциациясының (MAKDE) дәрігерлері Мемлекет басшысына үндеу жолдады. Үндеу мәтіні Дания елінде тұратын Қажи Аюби атты отандасымыздың Facebook-тегі парақшасында жарияланды. 

Олар еліміздегі қайғылы жағдайға алаңдап отырғанын, халықтың тыныштығын тілейтінін айтты. Сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскеріне қатысты пікірлерін де жазыпты.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға!

 

Еуропа  елдерінде тұрып жатқан қазақтар мен Қазақстанда туып өскен басқа ұлт өкілдерінің достық, ынтымақ, бірлік "Наурыз Тобы" және де Еуропадағы Қазақ дәрігерлер Ассоциациясының (MAKDE) дәрігерлер атынан үндеу:

Атамекенде болып жатқан қайғылы жағдайға қабырғамыз қайысып қатты алаңдап отырмыз. Біз де сіз де халқымыздың аман, еліміздің тыныш болуын тілейміз сондықтан:

1. ОДКБ әскерін Қазақстанға кіргізбеуді халық өтінсе де өкінішке орай кіріп келді,  кіргізбеу керек еді!

"Жатта бауыр жоқ " деген Ата сөзі бар. Қазақ халқын ОДКБ -нің  жат бауыр әскерлері оқтың астына алуды сіз де қаламайсыз!

ХАЛЫҚҚА ОҚ АТҚЫЗБАҢЫЗ!

Бейбіт басталған шерудің аяғы мынандай өкінішті жағдаймен аяқталуы, Қазақстанның күйреуін күтіп отырған жат жұрттық дұшпандарға үлкен олжа. 

Сондықтан халықтың талабына сай, дұрыс шешім шығарып тез арада елімізге тыныштық орнатуыңызды сұраймыз!

 2. Еуропадағы Қазақ дәрігерлер Ассоцациясымен бірігіп, Атамекеннің керекті жерлеріне көмекке баруға дайынбыз. Бұл біздің ашынып жапа шеккен халыққа рухани ал әріптестерге мамандық көмегіміз болмақ.

Атамекенде бейбітшілік орнасын. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН-тәуелсіздігін қорғап қалсын!

 Ізгі ниет, зор құрметпен:

 1. Айкен Салонен ( Финландия)

2. Назым Сахай ( Германия)

3. Серік Тұрсын ( Щвецария)

4.иҚажы Акбар Аюби ( Дания)

5. Зула Уранбаатар ( Германия)

6. Еркінай Орманбекова ( Германия)

7. Мелеһат Өнел Көсе ( Германия)

8. Мұрат Шарипов ( Германия)

9. Мария Диттерих ( Германия)

10. Жайна Мағыш Бейр ( Германия)

11. Геннадий Цвпин

12. Сандра Швагериус ( Германия)

13. Катрин Райх ( Германия)

14. Сымбат Халил ( Германия)

15. Жармұқаммед Тілеген (Германия)

16. Botagöz Issa (Швеция, FB)

17. Гузель Жан (Пианист, Германия. Мюнхен, FB)

18. Жапарбай Шадкам (Иран, FB)

19. Сымбат Сағынбайқызы (Өзбекстан Нүкіс, FB)

20. Жансая Бегулина (Түркия, Измир, FB)

21. Aisulu Andresen ( Дания, FB)

22. Aliza Kokabay (Austria, Vienna, Art decorator designer, FB)

23. Dana Minbaeva (Дания, professor at CBS, FB)

24. Muhammad Muhtar (Стамбул, FB)

25. Науырызбай Жолдыбай (алматы, FB)

26. Диана Булатова ( Германия, FB)

27. Sanda Olesen (Denmark, FB)

28. Rabee Piltan (Iran, FB)

29. Bota Bang (Denmark, FB)

30. Жанар Жеңісқызы (Мажарстан, FB)

31. Mohammadreza Istgaldi (Iran, FB)

32. Ehtesham kazak (turkiye)

33. Mahmut  Niyaz (Германия)

34. Roza Mezanbai (Polsha)

35. Armansaule Zhakei (Polsha)

36. Qaqan Zhankei (Polsha)

37. Ардақ Ашим (Стамбул,FB)

38. Rasheed Eskeldi (Iran)

39. Bersher Malabakan (Berlin)

40. Ахад корпе (Иран, FB)

41. Khayrat Malgazdarule (Belgie, FB)

42. Қазақ Сәмира (Иран, FB)

43. Aysun Balas (Paris France, FB)

44. Mahmutdin Serbest (Swediya)

 MAKDE дәрігерлері:

1. Др. Алвира Қуат(Щвецария)

2. Др Алма Сергелтісам (Швеция)

3. Др. Асель Сайран Демір(Германия)

4. Др. Дулат Сергелтісам (Швеция)

5. Др. Гүлім Мырзаханова (Норвегия)

6. Др. Серік Тұрсын (MAKDE басшысы)

7. Др. Назым Сахай (Германия)

8. Д/ж. Сәуле Тұрсын (Щвецария)

9. Др. Нұрлан Қанатбаев ( Чехия)

10. Др. Азамат Асубаев (Германия)

 

 

         

 

Өзгелердің жаңалығы