Алматыда қай көшелер қылмыскерлерден тазартылғаны белгілі болды

10 Қаңтар 2022, 09:48
1060
Бөлісу:
Алматыда қай көшелер қылмыскерлерден тазартылғаны белгілі болды

Алматы,BAQ.KZ. Алматы қаласы комендатурасының ақпарат орталығы қаладағы қылмыскерлерді ұстау операциясы жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Қаңтардың 9-да келесі аймақтар қылмыскерлерден тазартылды: Сайн – Райымбек – Карьерная – Жандосов көшелерінің аумағы, Абай – Достық – Әл-Фараби – Желтоқсан көшелерінің аумағы. Әуезов, Алатау және Медеу аудандарын тазарту жұмыстары жалғасуда,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ, лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 508 қатысушысы ұсталғаны белгілі болды.

22 бірлік атыс қаруы мен 1 мың 412 оқ-дәрі тәркіленді. Блок-посттарда 56 адам, 9 көлік ұсталды.  «102» басқару пультіне небәрі 1 мың 021 хабарлама келіп түсті. Комендатураның Кол-центріне азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін  525-і дабыл түсті. Барлық хабарламалар өңделді,-делінген комендатура таратқан ақпаратта.

 

Өзгелердің жаңалығы