Елорданың қоғамдық көліктері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр
5 Қаңтар, 13:40 155

Елорданың қоғамдық көліктері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың қоғамдық көліктері штаттық режимде жұмыс істеуде. Бұл турлы «City Transportation Systems» компаниясынан мәлім етті.

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көліктері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Автобустарда ешқандай іркіліс жоқ. Төлем әдеттегідей жол жүру картасы арқылы жасалады. Ал Интернет байланысының шектеулігіне байланысты QR-кодпен төлем жасауда қиындықтар туындап отыр. Қоғамдық көлікте мұндай тәсіл арқылы төлем жасай алмаған жолаушылар сапарын одан ары жалғастыра алады, - деп атап өтті «City Transportation Systems» компаниясының баспасөз қызметінен.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...