Еліміздегі барлық сайлау учаскесі жұмысқа кірісті

10 Қаңтар 2021, 08:25
3677
Бөлісу:
Еліміздегі барлық сайлау учаскесі жұмысқа кірісті

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының орынбасары Константин Петров ОСК-да өткен онлайн брифинг барысында айтты. 

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы Қазақстан мен шетелдік мемлекеттегі 10 060 сайлау учаскесінде жүзеге асырылып жатыр. 

Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 08:00-дегі жағдай бойынша дауыс беруге барлық 9 994 сайлау учаскесі жұмысқа кірісті. 17 сайлау учаскесі шет мемлекетте жұмыс істеп жатыр. Шет елдегі 49 сайлау учаскесі уақыт айырмашылығына қатысты кейінірек қосылады. Сондай-ақ, 9 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша  18-00-де сайлауда дауыс беру құқығы туралы куәлікті беру тоқтатылды. Сайлау комиссияларының учаскелік қызметкерлері сайлау жөніндегі есептен шығару бойынша 10 599 куәлік берді. Осы есептен шығару куәліктері бойынша азаматтар бүгін келген жеріндегі кез келген учаскеде дауыс бере алады, - деді ол. 
Еліміздегі барлық сайлау учаскесі жұмысқа кірісті

Петров атағандай, Мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру құқығын беретін 11612 есептен шығару куәлігі берілді.

Жергілікті сайлау органдары мен сайлау мүшелері сайлаушылардың тізімі бойынша тиянақты жұмыс атқарды. Сайлау басталғалы сайлаушылар тізіміне 11 млн 915 мың 903 сайлаушы енді. Орталық сайлау комиссиясы 10-00-ден бастап сайлаушылардың келу белсендігі туралы әр 2 сағат сайын ақпарат тарататын болады, - деді Петров.
Еліміздегі барлық сайлау учаскесі жұмысқа кірісті

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин алғашқылардың бірі болып дауыс берді. 8 мемлекетте сайлау учаскелері жұмысқа кірісті.
Өзгелердің жаңалығы