Электрон еңбек биржасы арқылы 243 мың адам жұмысқа тұрды

29 Шілде 2019, 13:33
2344
Бөлісу:
Электрон еңбек биржасы арқылы 243 мың адам жұмысқа тұрды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл басынан бері 243 мың адам электрон еңбек биржасы арқылы жұмысқа тұрған. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Электрон еңбек биржасы 2018 жылдың қаңтарында іске қосылды. Сайт жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерді, сондай-ақ мемлекеттік жұмыспен қамту органдары, жұмыспен қамтудың жеке агенттіктері мен жұмысқа орналасу бойынша интернет-алаңдарды біріктіреді.

«Бүгінде еңбек биржасына 143 мыңнан астам жұмыс беруші, 202 жұмыспен қамту орталығы, 54 жеке агенттіктер, 7 онлайн платформа тіркелген. Бүгінде электронды еңбек нарығында 57 мың бос жұмыс орны бар. Жыл басынан бері биржа арқылы 243 мың адам жұмысқа тұрды. Тиімділігін көрсеткен соң әрі қарай жетілдіріп, осы бағазаға жұмыс берушілерді көптеп тартамыз», - деді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі.

Бұған дейін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев жарты жылда 186 мың жұмыс орны ашылғанын, сонымен қатар қысқамерзімді кәсіптік оқытуға қатысатындардың стипендиясы көбейетінін айтты. Сонымен қатар, жыл басынан бері кәсіпкер жастарға 1000 микрокредит берілсе, елордалық 103 отбасы Екібастұзға қоныс аударды.


Өзгелердің жаңалығы