Дұрыс тексеріліп, қаралу – денсаулығыңыздың кепілі

24 Желтоқсан 2020, 13:49
1305
Бөлісу:
Дұрыс тексеріліп, қаралу – денсаулығыңыздың кепілі

Алматы, BAQ.KZ Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Консультациялық-диагностикалық орталығында қала тұрғындары және басқа қалалардан келген пациенттер кардиология, кардиохирургия, аритмология, эндокринология, гастроэнтерология, гепатология, аллергология, иммунология, ревматология бойынша кешенді медициналық тексерілулерден өте алады.

Орталық ұлттық және халықаралық стандарттардың деңгейінде өңірлердің тұрғындарына медициналық көмек көрсетуге арналған заманауи емдік-диагностикалық жабдықтармен қамтамасыз етілген.

КЦО ересек адамдарға 16 мамандық бойынша және зертханалық, сәулелік, функционалдық, эндоскопиялық, ультрадыбыстық және диагностиканың басқа да түрлері бойынша консультациялық, амбулаториялық-емханалық медициналық  көмек кешенін жүргізеді. 

Қабылдауды медицина ғылымдарының докторлары, кандидаттары және көп жылдық клиникалық жұмыс өтілі бар жоғары санатты дәрігерлер жүргізеді. Маманның консультациясын алып, емдеудің тактикасын анықтай отырып,  патологияға сәйкес зерттеу жүргізуге жазылуға болады. Біз жүрек-қантамыр жетіспеушілігі бар пациенттермен жұмыс істейміз, миокард инфаргіне шалдыққан, жүрегіне операция жасалған пациенттерге динамикалық бақылау жүргіземіз, медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясына (МӘСК) консультациялық қорытынды береміз. Қажет болса – портал бойынша КІА ҒЗИ емделуге жатқызу мәселесін шешеміз,- дейді Консультациялық-диагностикалық орталықтың меңгерушісі  Қуат Абзалиев.

Орталықта Денсаулық жағдайына профилактикалық зерттеу жүргізу бағдарламасы мен тексеруді жүргізудің жеке бағдарламалары қарастырылған. Бұл аритмияның бірнеше түрлері бар пациенттерге тексеру жүргізудің стандартты және кардиологиялық бағдарламасы; жүрек маңайы ауруларының бірнеше түрлеріне шалдыққан барлық жастағы ер адамдар мен әйелдерге тексеру жүргізу бағдарламасы; спортпен шұғылдануға арналған медициналық тексерудің бағдарламасы; артериялық гипертензияны анықтау бойынша корпоративтік бағдарламалар; онкопатологияны анықтау, сондай-ақ өкпе ауруларын тексеру бағдарламалары. Бұл бағдарламаларда жоғары білікті мамандар, профессорлық-оқытушылар құрамы қатысады.

Патология бейіні бойынша тексеру бағдарламасы жүректің ишемиялық ауруы, аритмология, жүйелі аурулар, асқазан-ішек жолдары және өкпе патологияларын, қанайналым жүйесі ауруларын анықтау және диагностикалауға бағытталған.

Емшаралардың саны пациенттің жағдайына байланысты анықталады  және дәрігер оны түзетіп отырады. Базалық тексеру пациент таңдаған кесте бойынша 2 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Клиенттің өзін жайлы сезінуі үшін дәрігер пациентке жүргізілетін медициналық тексеру бағдарламасының барлығында сүйемелдеп отырады. Маманның тағайындалған уақытқа дайындығын, тексеру нәтижелері немесе пациенттің тілегі бойынша қосымша зерттеулер жүргізу мүмкіндігін анықтайды. Қорытынды әңгімелесу кезінде ұсынымдар беріледі. Институттың жетекші мамандары Қазақстанның барлық аймақтарында қашықтан телеконсультация жүргізетіндігін атап өту қажет.

Орталық меңгерушісі, көптеген жылдардың тәжірибесі кешенді тексеруді жүргізудің қажеттілігі өте жоғары екендігін көрсетті, себебі осындай қызметтің түрі жоғары білікті мамандардың болған жағдайында көп бейінді стационарда жүргізіле алады, дейді. Медициналық тексеріп-қаралудың қолжетімді болуы қамтамасыз етіледі, яғни пациент үшін қолайлы болатын күні мен уақыты белгіленеді. Пациентке динамикалық бақылау жүргізіледі. Диагноз қойылған жағдайда емдеуге жатқызу, инвазивтік емес және операциялық араласуларды жүргізу мәселесін шешуге көмек көрсетіледі. Дәрігердің айтуынша, дұрыс тексеріліп-қаралу - денсаулықтың кепілі.

Консультациялық-диагностикалық орталық тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, ақылы медициналық қызметтер, МӘМС жүйесі бойынша медициналық қызметтер көрсетеді.

Орталық жанында терапевтік  және кардиологиялық бейіндегі 30 төсекке арналған күндізгі стационар ұйымдастырылған, мұнда жыл бойы 2500-ден астам пациент ем қабылдайды және амбулаториялық коронаграфиядан өтеді.


Өзгелердің жаңалығы