Дубайдан тағы бір рейс ұшып келеді

30 Сәуір 2020, 17:47
2031
Бөлісу:
Дубайдан тағы бір рейс ұшып келеді

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Дубайдан 168 адам қайтып оралады. Олар Қапшағай қаласының маңындағы демалыс орындарының біріне екі күнге карантинге жатқызылады. 

Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Оларға демалыс орнының аумағынан тыс жерге шығуға тыйым салынады. Карантин кезінде олар барлық қажетті затпен қамтамасыз етіледі. Олардың сыртқа шықпауын арнайы күзет бақылайды, - делінген хабарламада. 

Жолаушылардан облысқа келген бетте COVID-19 инфекциясына анализдер алынып, эпидемиологиялық тексерулер жасалады. Тексеру нәтижелеріне сәйкес олар арнайы автобустармен тұрғылықты жерлері бойынша жеткізіледі.

Өзгелердің жаңалығы