ДСМ өкілдері отандық вакцинаның сынамасына ерікті ретінде қатысты ма?

9 Желтоқсан 2020, 15:54
1702
Бөлісу:
ДСМ өкілдері отандық вакцинаның сынамасына ерікті ретінде қатысты ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сауалға Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Нұрлыбек Асылбеков жауап берді.

Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері вакцинаның клиникалық сынамаларына қатысуға міндетті емес. 

Вакцинаның клиникалық сынамаларына қатысты әлемдік тәжрибеде қолданылатын нақты ереже бар. Соған сәйкес, вакцинаны өндіруші оның клиналық сынамасын жүзеге асыратын демеуші мен қатысушыларды анықтайды. Министрлік клиникалық сынама өткізбейді, тек медициналық база ұсынады, - деді ол.

Оның айтуынша, клиникалық сынаманы өткізуші - Білім және ғылым министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты.

Тілші «демек бұл министрлік өкілдерінің ешбірі сынамаға қатыспады,» деген жауап па? деп сауалын нақтылады. Оған министрлік өкілі.

Әрине, министрлік елдегі кез келген вакцина мен дәрілік заттардың тиімділі мен қауіпсіздігін назарға алады. Министрлік жанындағы Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама жасау ұлттық орталығы клиникалық сынамалардың зерттеулермін танысып отырады, - деп жауап берді.
Өзгелердің жаңалығы