Депутаттар мүгедектігі бар адамдардың жағдайын жақсартатын заңды қабылдады

23 Қыркүйек 2021, 12:14
2986
Бөлісу:
Депутаттар мүгедектігі бар адамдардың жағдайын жақсартатын заңды қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады.

Заң жобасының басты мақсаттарының бірі - мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасыларды, еңбек ардагерлерін және азаматтардың өзге де жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау жөніндегі заңнаманы жетілдіру.

Заң жобасын қабылдаудан күтілетін нәтиже - мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту, қолданыстағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушыларға қатысты әлеуметтік әділеттілік орнату, мүгедек балалардың барлық тобы үшін аурудың ауырлық дәрежесіне қарай жәрдемақылар мөлшерін арттыру, - деді депутат Нариман Төреғалиев.
Сенатор атап өткендей, Заң жобасын Сенаттың тұрақты комитеттері қолдады.
Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті Конституцияның 61-бабының 4-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдауды ұсынады, - деп айтты Нариман Төреғалиев Сенатта.

Өзгелердің жаңалығы