ДДСҰ: Вакцина COVID-19-ды жеңуге кепілдік бермейді

19 Қаңтар 2021, 21:03
2104
Бөлісу:
ДДСҰ: Вакцина COVID-19-ды жеңуге кепілдік бермейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тиімділігі жоғары вакцина әлемде COVID-19-ды толығымен жоюға кепілдік бермейді.

SARS-CoV-2 коронавирусы маусымдық респираторлық инфекцияға айналуы мүмкін, деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Ресей Федерациясындағы өкілі Мелита Вуйнович «Российская газета» басылыма берген сұхбатында.  

Тіпті тиімділігі жоғары деген вакцинаның болуы вирусты толығымен жоюға немесе тоқтатуға кепілдік бермейді. Жаһандық вакцинация бағдарламасындағы ықтимал сценарий бойынша бұл болашақта вирус қауіптілігі төмен эндемиялық вирусқа айналады, - деді Вуйнович. 

Оның айтуынша, адам популяциясы бұрын SARS-CoV-2-мен вирусымен кездеспегендіктен, жаңа қауіп-қатерден мүлдем қорғансыз болды.

Оны испан тұмауымен салыстыруға әбден болады. Ал атипиялық пневмония немесе Таяу Шығыс респираторлық синдромдарымен салыстыруға келмейді (H1N1вирусы қалды, ал Таяу Шығыс синдромы іс жүзінде жоғалып кетті). Вирус біртіндеп адам популяциясына бейімделіп, маусымдық респираторлық инфекцияға айналады, - деді ДДҰ өкілі.

Вуйнович «алдын ала зерттеулерге сәйкес, пациенттердің көпшілігі симптомдар басталғаннан кейін 8-9 күн ішінде жұқпалы болатынын, ауыр науқастар үшін жұқпалы кезең ұзаққа созылуы мүмкін» екенін еске салды.

ДДСҰ-ның мәліметінше, вирустың инкубациялық кезеңі 14 күнге созылады. Орташа инкубациялық кезең-5-6 күн, жоғары шекарасы 14 күн, - деді сарапшы.

Өзгелердің жаңалығы