Назарбаева Конституцияның 61-бабын түсіндіруді сұрады

15 Сәуір 2020, 15:37
22912
Бөлісу:
Назарбаева Конституцияның 61-бабын түсіндіруді сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Конституциялық кеңеске өтініш жасаған.

Конституциялық Кеңес 2020 жылғы 15 сәуірде Парламент Сенаты төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады, - делінген кеңестің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өтініште норма шығармашылық процеске, атап айтқанда, заңдарды және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді реттеу көзін ажыратуға қатысты мәселелер қойылған. "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Конституциялық заңына сәйкес кеңестің отырысына материалдар дайындау бойынша жұмыс басталды, онда аталған өтініш мәні бойынша қаралады. 

Еске сала кетейік, Конституцияның 61-бабының 3-тармағына сәйкес, Парламент ең маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарды шығаруға және негіз қалаушы принциптер мен нормаларды белгілеуге құқылы.  

1) жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершілігіне;

2) меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға;

3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне;

4) салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге;

5) республикалық бюджетке;

6) сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне;

7) білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға;

8) кәсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге;

9) айналадағы ортаны қорғауға;

10) республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысына;

11) мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілейтін заңдар шығаруға хақылы.

Өзге қатынастардың барлығы заңға тәуелді актілермен реттеледі.

Өзгелердің жаңалығы