Маңғыстаулық жедел-жәрдем қызметкерлеріне қосымша үстемақы беріледі

15 Сәуір 2020, 15:25
1635
Бөлісу:
Маңғыстаулық жедел-жәрдем қызметкерлеріне қосымша үстемақы беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың шешімімен аймақтағы жедел-жәрдем қызметінің барлық 633 қызметкеріне 2 жалақы мөлшерінде үстемақы берілетін болды, деп хабарлады Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы.

   
Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 78 миллион теңге бөлінді. Қазір облыста барлық шақыртуға 46 жедел-жәрдем бригадасы жұмылдырылған. Еңбекақысына қосымша бұл қаржы жедел-жәрдем қызметкерлерінің осыған дейін мемлекет тарапынан үстемақы алған-алмағанына қарамастан, барлығына бірдей беріледі.
Қауіпті індетпен күресуде тәулік бойы тынымсыз жұмыс істейтін жедел-жәрдем қызметіндегі дәрігерлер, фельдшерлер, санитар қызметкерлер мен жүргізушілердің еңбегі ерен. Дәрігерлерге облыс халқының атынан алғысымды айтамын, - деді облыс әкімі.
 

Өзгелердің жаңалығы