Бейбіт Атамқұлов Герман экономикасы Шығыс комитетінің өкілдерімен кездеседі

25 Ақпан 2019, 21:02
2166
Бөлісу:
Бейбіт Атамқұлов Герман экономикасы Шығыс комитетінің өкілдерімен кездеседі

Астана, BAQ.KZ тілшісі. 27 ақпанда ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың Герман экономикасы Шығыс комитетінің басқарма мүшесі Клаус Манголдьпен және басқарушы директоры Михаэль Хармспен кездесуі жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров апта сайынғы брифинг барысында мәлімдеді.

Оның барысында Қазақстан мен Германия сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы, даму перспективалары, сондай-ақ оның кеңейту мүмкіндіктері талқыланатын болады.

«Герман экономикасының шығыс комитеті Германияның кәсіпкерлік одақтарының бірқатар негізгі бірлестіктерінің ұжымдық органы болып табылады. Оның мүшелері Германияның Орталық Азия және Кавказ, Ресей, Беларусь, Украина, Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінде мүдделері бар кәсіпорындар болып табылады», - деді Айбек Смадияров.

Сонымен қатар, Қазақстан делегациясының Женевада өтетін Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне және Қарусыздандыру конференцисына қатысады.

«25-27 ақпан аралығында Женевада Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев бастаған Қазақстан делегациясы Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің жоғары деңгейдегі сегментінің жұмысына, сондай-ақ Қарусыздану жөніндегі конференцияның кезекті сессиясына қатысады. Отырыс барысында Қазақстан делегациясы Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымына кіретін бірқатар халықаралық ұйымдарсондай-ақ шет мемлекеттер делегацияларының басшыларымен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр», - деді ресми өкіл.

27-28 ақпанда Женевада Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Нариман Мұқышев Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі комитетінде Қазақстанның Екінші ұлттық баяндамасын қорғауға қатысады.

Еске сала кетейік, бүгінгі жиын барысында Айбек Смадияров Финляндия Сыртқы сауда және даму министрі Қазақстанға келетінін хабарлады. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі «Жол картасын» әзірлеу мәселесін қарастырады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, белгілі болғандай, 26 ақпанда Иерусалим қаласында Қазақстан мен Израиль Сыртқы істер министрліктері арасында консультациялар өтеді.

Рахиля Бекназарқызы

Фото: abctv.kz

Өзгелердің жаңалығы