Берлин-Алматы чартерлік рейсі борт серігінен коронавирус анықталды

20 Наурыз 2020, 13:25
2000
Бөлісу:
Берлин-Алматы чартерлік рейсі борт серігінен коронавирус анықталды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді. 

Ол қазіргі таңда Алматы қаласында коронавирус анықталған 22 науқас бар екенін оның үшеуі бүгін анықталғанын айтты.
Бұл науқастың бірі қала тұрғыны, ол шетелден келген адамдармен байланыста болған. Құлақтың бітілеуі, құрғақ жөтел сияқты симптомдардың бар болуына байланысты 18 наурызда одан COVID-19 зертханалық сынама алынды, кеше сараптама оң нәтиже көрсетті. Науқас бірден оқшаулауға алынды. Коронавирус расталған екінші науқас Берлин-Алматы чартерлік рейсінің борт серігі. Ұшып келген 12 наурыздан бастап жұқпалы аурулар емханасынада карантинде болды. 1997 жылы туған үшінші ер адам 19 наурызда түнде Париж-Минск-Алматы рейсмен ұшып келді. Содан провизорлық госпитальға карантинге түсті. Бүгін қалалық жұқпалы аурулар емханасына ауыстырылды,- деді ол. 

Сондай-ақ ол, бүгінгі күні 20 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық екенін, 2 адамның ауырлығы орташа екенін жеткізді. Қаладағы провизорлық госпитальда 696 адам, үй карантинінде 1108 адам медициналық бақылауда.
Өзгелердің жаңалығы