Бас жаңалықтар
Азамат Әмірғалиев ҚР Әділет вице-министрі болып тағайындалды
27 Қазан 2020, 10:56 121

Азамат Әмірғалиев ҚР Әділет вице-министрі болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әмірғалиев Азамат Халимеденұлы Әділет вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады. 

Азамат Әмірғалиев  1976 жылы Алматы қаласында туған. 

1998 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын, 2018 жылы Инновациялық Еуразия университетін және МВА Халықаралық бизнес мектебін бітірген.  

1998 жылдан 2006 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 

2006-2009 жылдары — ҚР Парламенті Мәжілісінің заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 

2009-2011 жылдары — «Альянс Банк» АҚ корпоративтік хатшысы. 

2011-2019 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы аппаратының басшысы, заң бөлімі меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы, заң бөлімінің меңгерушісі. 

2019 жылғы наурыз айынан бастап қазірге дейін ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарды.



Фото: дереккөз
Загрузка...