Мамин халықты жұмыспен қамту бойынша бірқатар тапсырма берді

27 Қазан 2020, 10:49
1398
Бөлісу:
Мамин халықты жұмыспен қамту бойынша бірқатар тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Үкіметтің онлайн отырысында халықты жұмыспен қамту шараларын жалғастыруды тапсырды.

Дағдарысқа қарсы қабылданған шаралардың іске асырылуы халықты жұмыспен қамтамасыз етуіне септігін тигізді. «Жұмыспен қамту жол картасы» қазақстандықтардың жұмысы мен табысын сақтауына көмегін тигізді. Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық тиімділігін көрсетті, - деп атап өтті Асқар Мамин.

Оның айтуынша, жол картасының жобаларын іске асыру үшін қажет тауарлар мен қызметтердің шамамен 90%-ы отандық өндірушілерден сатып алынды. 

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде шамамен 6 600 әлеуметтік, коммуналдық және көліктік инфрақұрылым объектісі салынып, реконструкцияланды. Жобалар аяқталған соң сабақтас салаларда шамамен 100 мың жұмыс орны құрылатын болады. Жалпы жұмыспен қамтуды қолдау шараларын іске асыру қарқыны Атырау, ШҚО, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында өте жақсы, - деді Үкімет басшысы.

Мамин Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру үшін тапсырма берді.

Әкімдіктер жол картасының жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жұмысты жандандырсын. Сонымен қатар Еңбек министрлігі мүдделі меморгандармен және әкімдіктермен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін 2021 жылға арналған «Жұмыспен қамту жол картасын» жаңартсын. Бағдарламада тұрақты жұмыс орындарын құруға басымдық беру керек. Жобаның көбі аяқталғандықтан босатылатын адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін шаралармен қамтылуы керек. Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін барлық мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыс орындарын құру бойынша индикаторларын жаңартсын. Оған қоса құрылатын жұмыс орындарына мониторинг жүргізіп, тиісті стратегиялық есепке алу жүйесін енгізу керек, - деді ол отырыста.

Асқар Мамин жұмыс орындарын құрудың өңірлік карталарын әзірлеп, бекітуді өзінің орынбасары Ералы Тоғжановқа тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы