Ауыл оқушылары 1000 ағаш отырғызды

11 Ақпан 2020, 12:20
4883
Бөлісу:
Ауыл оқушылары 1000 ағаш отырғызды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ақмола облысы Қосшы ауылындағы "Дара" бизнес мектебінің оқушылары эко-сабақ аясында емен ағашын отырғызды.

Экологиялық сабақты орман алқабын қалаушы, "Туған жер" жасыл технологиялар орталығының жетекшісі, Павлодар облысының эко-елшісі Юрий Гашек жүргізді.

TEMA6977.jpg

Бүгінгі "Ағаш отырғыз" акциямыздың аясында мектептерде оқушылар үшін "Жердің болашағы сенің қолыңда" деген атаумен эко-сабақтар өткіземіз. Мұндай көмекті біз балалардан сұрап отырғанымыз біртүрлі болып көрінуі мүмкін. Бірақ менің жасымдағылар енді Жерге ешқандай көмек көрсете алмайды. Кеш қалдық. Тек балалар өз болашақтары үшін алаңдап, жерді қастерлеуді, оны көгалдандыруды үйрене алады. Олар бұл мәселенің бар екенін біліп өсу керек. Әрине, мұны балаға ана сүтімен беру керек еді. Өкінішке қарай, бұл сәтті біздің қоғам өткізіп алды. Енді мектептен қолға алсақ та, игі болар еді. Сондықтан эко-сабақта жер - біздің анамыз, бізге берген жақсылығына біз де жақсылықпен жауап қайтаруымыз керек екенін түсіндіреміз. Сондықтан шынайы түрде жерге көмектесуге кіріскенін қалаймыз. Ал, оған ағаш отырғызу арқылы үлкен көмек көрсете аламыз. Міне, балалар да эко-сабақ ағаш отырғызып, оны өздері өсіреді. Барлық материалды береміз. Тұқымдарын салып, егеміз. Кейін оны бала қайда отырғызамын десе де, өз еркі. Үй ауласына, мектепке, көшеге отырғызса да, қалауы біледі. Содан соң ағаштар жердің өмірін жақсарта алады, - деді Юрий Гашек.
TEMA6932.jpg

Маманның айтуынша, балалар бар болғаны ағашқа аптасына бір рет су құйып, махаббатпен бағып-қақса, жеткілікті. Жазда жерге отырғызады, ал үш жылдан кейін ағаш адамның қарауынсыз биік болады.

TEMA7015.jpg

Біздің мақсатымыз - ағаш отырғызып кету емес. Оны әрі қарай күтіп, биік ағаш болғанша баптау. Қазір балалар тұқымын отырғызады. Бұған дейінгі күтімін мен әзірлеп әкелдім. Енді осылай күтіп жүрсе, маусым айының ортасында жерге отырғызуға болады. Күн жылы кезде жерге отырғызып, әрі қарай 3 жыл ішінде ағаш бекиді. Содан соң ағаш кез келген топырақта өзі күресіп, өзі өсе алады. Қазір енді ең алдымен ағашқа ешқандай физикалық соққы болмау керек. Басып кетпеу керек. Екіншіден, махаббатымызды беру керек. Үшінші, аптасына бір рет су құйып отыру маңызды. Сонда бұл ағаштарға аптасына бір рет су құйып, махаббатымызбен ән айтып отырсақ, ағаш биік болып өседі, - деді Гашек. 
TEMA7000.jpg

Бүгінгі шараға Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері мен жергілікті атқарушы органның, ҮЕҰ мен эко-белсенділер қатысты.

TEMA7021.jpg

Юрий Гашек ағаш отырғызуды өз еркімен бастаған. Ешкімнің көмегін күтпеген. 

TEMA7019.jpg

Экологиялық "Туған жер" ауылының тұрғынымын. Ол Павлодардан 40 шақырым жерде орналасқан. Оның негізгі мақсаты - қоршаған ортаны қорғау, қоғамдағы экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Бұл іспен 15 жылдан астам уақыт бойы айналысып келеміз. Жасылдандырумен айналысып жүргеннің өзiнде адамдардың экологиялық мәдениеті жеткіліксіз екенiн көрдiк. Адамдар бұл - бiздiң қоршаған ортамыз, оған қамқорлықпен қарау керегін түсінулерi керек. Экологиялық мәдениетсiз жалаң экологиялық әдістерді қолдану жақсы, алайда тиімсіз. Оқушылармен бірігіп, 5 мыңдай көшет отырғыздық.  Экологиялық аймақта 20 мыңға жуық көшет отырғызылды. Бұл жердi қабылдап, өмiрiн жалғастырып жатыр. Қазiр адамдар бiз қаншалықты қиын экологиялық ортада тұрып жатқанымызды түсiне бермейдi. Әр адам жердiң тұтынушысы ретiнде өз үлесiн қосып, пайдасын тигiзуге үлес қосуы керек. Кез келген адам өзiнiң айналасында экологиялық шаралармен айналысуы керек. Сондықтан да, бiздiң басты проблемамыз - экологиялық мәдениеттiң төмендiгi. Бiзде жасылданған аймақтар аз. Оның қатарын көбейтiп, Жер Анаға жақсылығын қайтаруымыз керек. Себебi, қазір инфрақұрылым мен индустрияның әсері де бар. Мысалы, жол салу үшін оның айналасындағы көшеттерді кессе, оның орнын басқа жерде қалай толтыру қажеттiгiн де ойлау керек, - деп түйіндеді сөзін эколог.
TEMA6989.jpg
TEMA7027.jpg

Акция президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған "Еріктілер жылы" аясында, "Біргеміз" - "Біз біргеміз" ұранымен, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Birgemiz: Тaza Alem/Taza Qazaqstan қолдауымен өтіп жатыр.   

TEMA7017.jpg

Экологиялық шара "Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы", "Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағы" ЗТБ ұйымдастырумен және Kazyna SR ЖШС қаржылық қолдауымен өтіп жатыр. Эко-сабақ экологиялық жағдайды әр адамның жеке өзінің қатысуымен жақсартуға болатынын көрсетеді.

TEMA6933.jpg

TEMA7002.jpg

Өзгелердің жаңалығы