Атырауда ЖРВИ жұқтырған мыңнан астам адам тіркелген

2 Ақпан 2020, 17:21
2273
Бөлісу:
Атырауда ЖРВИ жұқтырған мыңнан астам адам тіркелген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында 2019-2020 эпидемиялық маусымында ЖРВИ жұқтырған 1145 адам тіркелді. 

Бұл туралы Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлімдеді.  

14 жасқа дейінгі балалар арасында - 580, 1 жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасында - 165 жағдай. 14 адамда тұмаудың зертханалық расталған жағдайы тіркелді. Олардың 13-інде - В типті вирус, біреуінде ғана - В типті вирус болған, - дейді ведомствода. 

Департамент өкілдерінің мәлімдеуінше, былтыр облыста 45916 адамға вакцина жасалған. 

Өзгелердің жаңалығы