Коронавирус: Қазақстан Қытайға гуманитарлық көмек көрсетті

2 Ақпан 2020, 17:02
1729
Бөлісу:
Коронавирус: Қазақстан Қытайға гуманитарлық көмек көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Қытайға гуманитарлық көмек көрсетті. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлаған болатын. 

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚХР-ға 13,6 тонна көлемінде медициналық бұйымдар түрінде гуманитарлық көмек жеткізілді", - деп жазылған хабарламада. 

Бұған дейін Қазақстан өз азаматтарын Уханнан эвакуациялағаны хабарлағанған. Сонымен қатар, Қырғызстан, Беларусь және Армения биліктерінің өтініші бойынша осы елдердің де азаматтары Ухань қаласынан эвакуацияланды.

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухань қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған. Мамандар Ухань қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған.

1 ақпандағы жағдай бойынша, Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 304-ке, ал вирус жұқтырғандардың саны әлем бойынша 14 380-ге жеткен. Сонымен қатар Қытай шекарасынан тыс жер бір адамның қаза болғаны хабарланды. Бұдан бөлек, Ухань қаласында тағы бір вирустың таралғаны туралы ақпарат шықты.

Өзгелердің жаңалығы