Ақмола облысында қызметкерлердің орташа жалақысы анықталды

8 Мамыр 2021, 11:27
4972
Бөлісу:
Ақмола облысында қызметкерлердің орташа жалақысы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы І тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 184 506 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2020 жылғы тиісті тоқсанына 117,5%, ал нақты жалақы индексі 109,4% құрады, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметі – 241 878 теңге (орташа облыстық деңгейден 1,3 есе жоғары), тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету – 241 351 теңге (1,3 есеге асты), жылжымайтын мүлікпен операциялар – 230 452 теңге (1,2 есеге сәйкес), - делінген хабарламада.

Ең төменгі атаулы жалақы көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну қызметкерлерінде – 102 421 теңге, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет - 109 004 теңге белгіленді.

Аудандар бөліністе ең жоғарғы орташа айлық жалақы Целиноград ауданында белгіленді – 227 440 теңге, бұл орташа облыстық көрсеткіштен шамамен 1,2 есе жоғары. 

Қорғалжын ауданында 142 049 теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 23%-ға төмен.

Өзгелердің жаңалығы