Ақтөбе облысында 1000-нан астам жігіт әскерге шақырылды

12 Қыркүйек 2019, 03:47
1916
Бөлісу:
Ақтөбе облысында 1000-нан астам жігіт әскерге шақырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде 18 бен 27 жастағы азаматтарды әскерге шақыру науқаны басталды, деп хабарлады Aktobenews.kz.

Облыста мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Мамандар жастардың әскерге баруға ынтасы зор екенін айтты.

«Санаулы күнде 1992-2001 жылы туылған 1000-нан астам жігіт әскери міндетін өтеуге аттанады. Әскерге шақырылушылар саны жүктеме бойынша толық орындалды. Қазіргі таңда күзгі әскерге шақырылушыларды іріктеу, олардың құжаттарын зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр»,- дейді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Ә.Отарбаев.

Өткен жылы Ақтөбе облысы әскер қатарына жастарды уақытылы жібергені үшін бірінші орын алған. Биыл да жақсы көрсеткіштен үмітті.

 

Өзгелердің жаңалығы