6 мыңнан астам адам латын әліпбиінде ашық диктант жазды

12 Қыркүйек 2019, 02:02
1785
Бөлісу:
6 мыңнан астам адам латын әліпбиінде ашық диктант жазды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында 10 қыркүйекте «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына (идеясына) арналған латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиін қолданып, жалпықазақстандық ашық диктант өтті, деп хабарлады Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Мақсаты – ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығына сәйкес республика азаматтарын жаңа қазақ әліпбиімен сауатты жазуға үйрету»,- делінген хабарламада.

Әкімдіктің хабарлауынша, жалпы ашық диктантқа Қазақстан халқы Ассамблеясының Атырау облысы бойынша этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, қоғам қайраткерлері, Атырау қаласы бойынша колледж студенттері, облыстық және аудандық кітапхананың қызметкерлері, 7 ауданның мемлекеттік қызметкерлері, облыстық және аудандық жастар ұйымдарының өкілдері, жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысты.

Аталмыш шара Достық үйімен қатар, Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми- әмбебап кітапханасында, колледждерде, Атырау қаласының барлық мектептерінде, аудандарда ұйымдастырылды.

Барлығы Атырау облысы бойынша жалпықазақстандық ашық диктантқа 6587 адам қатысты.

Өзгелердің жаңалығы