Алматы, BAQ.KZ. Көрші Қырғызстан еліндегі экс-президент Алмазбек Атамбаевты күшпен ұстау әрекетінен кейін елдегі Facebook және Instagram қолданушылары #МыПротивТретьейРеволюции акциясын бастады.
Белсенділер барлық тарапты ақылға келуге шақыруда. Әсіресе билікті келіссөзге келіп қазіргі және бұрынғы президент арасындағы кикілжіңді ушықтырмай, оңтайлы шешу керек дейді.Еске салсақ, кеше Қой-Таш ауылында кешкі сағат 20.00 шамасында күштік құрылымдар Қырғызстанның экс-президентін ұстамақ болған. Алайда Атамбаевтың жақтастары оларға тойтарыс беріп, бір әскери адам қаза тапқан болатын.
Атамбаевты ұстау кезінде 48 адам зардап шеккені туралы осыған дейін хабарлағанбыз. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстандағы ахуал көрші елдің ішкі шаруасы екенін айтты.