Пәкістан билігі Үндістандағы дипломаттарын кері шақыртып алды

8 Тамыз 2019, 11:49
2348
Бөлісу:
Пәкістан билігі Үндістандағы дипломаттарын кері шақыртып алды

Алматы, BAQ.KZ. Пәкістан билігі Үндістандағы дипломаттарын кері шақыртып алды және еліндегі барлық үндістандық дипломаттарды шығарып жатыр. Бұл туралы vesti.ru хабарлады.

Оған Үндістанның Джамму және Кашмир штаттарын айрықша мәртебесінен айыру мәселесі себеп болған. Аталған екі шаттың басым көпшілігін мұсылмандар құрайды.

Енді бұл аймақ өзінің жеке парламенті мен туы бар автономиялық мәртебесінен айырылады, сондай-ақ екі аймаққа бөлінуі мүмкін. 

Сонымен қатар, Үндістанның өзге аймағында тұратын тұрғындары үшін бұл жерден жылжымайтын мүлік алуға болмайды деген кедергі күшін жойды.

Үндістан мен Пәкістан арасындағы жағдайдың ұшығуына байланысты АҚШ араағайындық жасамақ. Осы аймақта жүрген Мемлекеттік департаменттің өкілі Элис Уэллс бір апта ішінде екі елдің жоғары лауазымды шенеуніктерімен кеңесіп, мүдделерін тыңдайды.

Өзгелердің жаңалығы