20:00-дегі жағдай. Сайлаушылардың 63,1%-ы таңдау жасады

10 Қаңтар 2021, 20:20
2255
Бөлісу:
20:00-дегі жағдай. Сайлаушылардың 63,1%-ы таңдау жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина еліміздегі республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтар сағат 20:00-дегі жағдай бойынша ақпарат берді.

Оның сөзінше, сайлау бюллетендерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63,1 пайызы таңдау жасап, дауыс берді. 

Олардың ішінде өңірлер бойынша:

Ақмола облысы бойынша – 72,8%,
Ақтөбе облысы бойынша – 57,7%,
Алматы облысы бойынша – 73,5%,
Атырау облысы бойынша – 55,5%,
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 61,5%,
Жамбыл облысы бойынша – 72,2%,
Қарағанды облысы бойынша – 70,7%,
Қостанай облысы бойынша – 71,8%,
Қызылорда облысы бойынша – 72,7%,
Маңғыстау облысы бойынша – 54,0%,
Павлодар облысы бойынша – 71,3%,
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 75,5%,
Түркістан облысы бойынша – 65,8 %,
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 72,4%,
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 45,1 %,
Алматы қаласы бойынша – 30,3%,
Шымкент қаласы бойынша – 56,5%.

20:00-дегі жағдай. Сайлаушылардың 63,1%-ы таңдау жасады

Сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат сағат 22:00-де ұсынылады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаевтың сөзінше, 10 қаңтар сағат 18:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 58,2 пайызы дауыс берді.

Өзгелердің жаңалығы